• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:06:12
Алматы
+12°

Әзербайжанда әскери тікұшақ құлап, 14 адам қаза тауып, тағы 4 адам жараланды. Бұл туралы Әзербайжан мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз орталығы хабарлады.

Мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, апат 30 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10.40-та Гарагейбат аймағындағы Хызин ауданында орналасқан ұшу-жаттығу полигонында болған.

Тікұшақтың құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу республиканың бас прокуратурасының бақылауында. 

Әзербайжан мемлекеттік шекара қызметінің басшысы генерал Эльчин Гулиев тікұшақтың апатқа ұшырауына сыртқы факторлардың қатысы жоқ екенін айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің ауруханада емделіп жатқанын және олардың жағдайы қалыпты екенін мәлімдеді.

– Апат туралы естігеннен кейін оқиға орнына бардым. Сол жерден президент Ильхам Әлиевке баяндама жасадым. Әлиев оқиғаны қосымша зерттеу, марқұмдарды жерлеу және жаралыларды емдеу жөнінде тапсырма берді. Ұшқыш біздің тәжірибелі ұшқыштарымыздың бірі болатын. Тікұшақ та іс жүзінде жаңа еді. Қазір бірдеңе деп те айта алмаймыз. Бірақ бұл апатқа сыртқы күштердің еш қатысы жоқ деп айтуға болады, – деді Эльчин Гулиев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әзербайжан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір