• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:23:30
Алматы
+12°

Дональд Трамп жетекші редакторлар мен саясаткерлерді "Джо Байден 2020 жылы сайлаудағы алаяқтық арқылы жеңді" деген негізсіз мәлімдемесін көпшілік алдында талқылауға шақырды.

Жексенбі күнгі әдеттегідей мәлімдемеде бұрынғы президент "әртүрлі газеттердің басшылары тым солшыл саясаткерлерге" шағымданып: "Егер кімде-кім фантастика емес, фактілер бойынша қоғамдық талқылауды қалайтын болса, маған хабарлаңыз. Бұл – телевидение үшін жақсы рейтинг болады!" деді.

Трамп "2020 жылғы сайлау бұрмаланды және ұрланды" деп мәлімдеді. Алайда бірнеше реткі сот процессі мәлімдеменің негізсіз екенін көрсетті.

Тіпті "Трамп үшін сайлауға араласуға дайын" деп танылған бас прокурор Уильям Барр да сайлаудағы жаппай алаяқтық туралы "ешқандай дәлел жоқ" деп ашық айтты.

Халықтық дауыс беруде Байден Трамптан 7 миллиондай артық дауысқа ие болып,  сайлаушылар алқасында 306-232 ұпаймен жеңді. Трамп 2016 жылы Хиллари Клинтонды сайлаушылар алқасында жеңген, ал Клинтон оны халық даусында жеңген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір