• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:59:02
Алматы
+12°

Алматы қаласы Қалқаман ықшамауданындағы мәйітхана алдында әкесі Арон Атабектің мүрдесін күтіп тұрған Айдана Айдархан Қамшы тілшісіне әкесімен соңғы рет көріскенде ол сөйлей алмағанын, бірақ қаралы хабарға бәрі шок болғанын жеткізді.

– Біз үлкен шок әсеріндеміз. Біз оның ауруханада болған себебі, өлімінің себебі туралы ештеңе білмейміз. Бізге ештеңе айтпай жатыр. Біз мәйітті сойғаннан кейінгі сараптама нәтижесінің ашық және заңды болатынына сенбейміз. Соңғы рет мен оны (Арон Атабекті - ред) көргенде оның тамағында түтікше болды. Ол сөйлей алмады. Бірақ мені бірден таныды. Оған сұрақ қойғанымда маған ыммен ғана жауап бере алды. Ол есін білетін, бірақ ол өте арық және жүдеп кеткен еді. Сенбі күні де біз кездесуге тырыстық. Оны емдейтін дәрігер оған ешкімді кіргізбейтінін айтты. Маған дәрігерлер әкемнің денсаулығына қатысты ешқандай ақпарат бермеді. Мен оның диагнозы мен қандай ем қабылдап жатқанын да білмедім. Қазір эксперттердің нәтижесін күтіп отырмыз, – дейді ол.

Бұған дейін белсенділер Арон Атабекті түрмеде улаған болуы мүмкін екенін айтқан.

Ақын, диссидент, оппозиционер, Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, жуырда денсаулық жағдайына байланысты босатылған Арон Атабек кеше қайтыс болған.

Биыл 1 қазанда Павлодар соты 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Арон Атабектің қалған жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, ақынды "денсаулық жағдайына байланысты" түрмеден шығарған. Ақын бұған қарсылық танытып, өзін толық ақтауды талап еткен.

5 қазан күні белсендінің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға шұғыл жеткізілген. Кейін Атабектің ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. Артынша ол үйінде жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатқаны хабарланды.

Артынша Арон Атабектің денсаулығы нашарлап комаға түскені, жеке клиникада жатқаны хабарланған. Ұзамай беті бері қарағаны туралы ақпарат шыққан.

Арон Атабек 15 жылдан астам уақыт түрмеде отырды. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.

Кей белсенділер ақынның түрмеден босатылуын "билік Арон түрмеде өліп қалды деп жаман атты болмас үшін босатты" деп түсіндіреді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арон Атабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір