• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:33:21
Алматы
+12°

"Қазгидромет" Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады. 

25-26 қараша күндер Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді деп күтілуде. 

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік бөлігінде күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Өңірдің солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с жел соғуы мүмкін. 

Жамбыл облысында 25-26 қараша күндері өңірдің солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Ал 26-27 қарашада облыстың солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. 25 қарашада күндіз, 26-27 қарашада тәулік бойы екпіні 23-28 м/с болатын жел соғуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғуы мүмкін. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың шығысқа ауысады. Орталықта екпіні 23 м/с жел соғады деп күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с дейін жетеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Түнде таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін, күндіз 15-20, таулы аудандарда секундына 23-28 метрге жетеді деп күтілуде. 

Жауын-шашынның түсуіне және күннің сууына байланысты көктайғақ болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір