21 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Ақмола облысы Шортанды ауылында газ баллонның жарылуынан зардап шеккен 13 жастағы бала қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Шортанды ауылындағы жарылыстан зардап шеккен 2009 жылғы бала 20 қараша сағат 21:34-те Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бала денесінің 70%-ын күйік шалған" делінген басқарма таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, Ақмола облысына қарасты Шортанды ауылында газ баллоны жарылып, үш адам қаза тауып, күйік шалған 10 адам ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде бесеуі бала болған.
Қайғылы оқиға 16 қарашада Шортанды ауылының Линейная көшесінде болған. Өрт казармалық үлгідегі пәтерден шығып, шатырды жалын шарпыған. Өрт аумағы шамамен 350 шаршы метрді құраған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір