• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:12:04
Алматы
+35°

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда Боталы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай 19 қарашада болған. 

"Өрт сөндірушілер келген соң 18 қабатты "Европейский" тұрғын үй кешенінде №1 кіреберісте 10-нан 18-қабатқа дейін шахтада электр сымдары жанғаны анықталды. Жалын сағат 16:14-те оқшауланып, 16:17-де сөндірілді" деп хабарлады елорданың төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер 6 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялаған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан үйден көмек сұраған адамдардың даусы естілген. Қазірге дейін зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұр-Сұлтан Өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір