• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:24:17
Алматы
+12°

16 қараша күні Армения мен Әзербайжан шекарасында ірі қақтығыс болып, соның салдарынан екі жақта да қаза тауып, жараланғандар бар, деп хабарлады  Haqqin.az ақпарат агентті.

Армения сыртқы істер министрлігі Әзербайжан қарулы күштері шекараның шығыс бөлігінен басып кіргенін хабарлады. Қақтығыс кезінде тараптар авиациядан басқа әскери техниканың барлық түрін пайдаланған.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі өз кезегінде Армения қарулы күштерін шекарадағы жағдайды ушықтыру мақсатында "тағы бір арандату әрекетін" жасады деп айыптап отыр.

"Әзербайжанның қарулы күштері шұғыл әскери операция жүргізді" деп хабарлады Әзербайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Біріншіден, жаудың қозғалысы шектелді, қарсыластың күштері мен құралдарына зиян келтірілді. Қабылданған шешуші шаралардың нәтижесінде армян әскерлері қарусыз қалып ұсталды, әртүрлі қару-жарақтары алынды. Ауқымды арандатушылық арқылы қысқа мерзімде жеңіске ұмтылған армян әскери бөлімшелерінің шабуылы, жедел-тактикалық тұрғыдан толық сәтсіздікке ұшырады, ал ресми Ереванның арандатушылыққа барудағы кезекті әрекеті сәтсіз аяқталды", деп жазады haqqin.az порталы.

Ресей Қорғаныс министрлігі соғыс министрі Сергей Шойгу мен оның армян және әзербайжан әріптестерінің телефон арқылы сөйлесуінің нәтижесінде тараптар шайқасты тоқтатқаны хабарланды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян сейсенбі күні кешке Армения-Әзербайжан шекарасы қазір салыстырмалы түрде тыныш екенін, бірақ жағдай шиеленісіп тұрғанын айтқан.

Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен Пашинян шекарадағы соңғы оқиғаларды егжей-тегжейлі баяндап, "Әзербайжан күштерінің әрекеті Арменияға қарсы агрессиядан басқа ештеңе емес" деп жеткізді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әзербайжан Армиян

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір