• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:39:48
Алматы
+12°

Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылып, салдарынан 3 адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. 

"16 қараша сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінеигаз баллонның жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған кезде Барақ үлгісіндегі пәтерде өрт шығып, шатырын толық жалын шарпығаны анықталды. Өрттің аумағы шамамен 350 шаршы метрге жеткен" делінген хабарламада. 

Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапқан. Тағы 10 адам түрлі дене жарақатымен аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. 

Өрт сағат 22-35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілген. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір