• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 21:35:24
Алматы
+35°

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі еліміздің атынан «Оскар» жүлдесіне ұсынылды.

«Сары мысық» кинокартинасы "Шет тіліндегі үздік фильм" аталымы бойынша сыйлыққа ұсынылып отыр. Туынды кинопремияның лонг-лист тізіміне еніп үлгерді. Бұл – режиссер Ержановтың толықметражды тоғызыншы көркем фильмі.

Фильмде басты рөлдерді Азамат Нығманов, Камила Нұғманова, Еркен Ғұбашев, Ержан Жаманқұлов және Санжар Мәди сомдаған.

Кинокартинаның әлемдік премьерасы былтырғы жылы 77-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» конкурстық бағдарламасы аясында өткен болатын. Фильм осыған дейін де бірнеше халықаралық фестивальдерге қатысып, бірнеше марапатқа ие болған. Қыркүйек айында Италияның Верона қаласында өткен фестивальде «Үздік фильм» деп танылған. Дәл осы аталыммен Бельгияның Бюгге қаласында өткен фестивальде де марапатқа ие болды. Сондай-ақ, Швеция астанасы Стокгольмде өткен Hope International Film Festival-де Әділхан Ержанов "Үздік режиссер" атанды. Қытайда өткен «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалінде «Ерекше сценарий» жүлдесімен марапатталса, Silk Road IFF фестивалінің «Арнайы сыйлығы», Батуми кинофестивалінде «Үздік режиссер» сыйлығын иеленген. «Мәскеу премьерасы» фестивалінде киносыншылардың арнайы жүлдесін жеңіп алған.

«Оскар» жүлдесі номинанттарының тізімі 8 ақпанда, ал салтанатты марапаттау рәсімі Лос-Анжелесте 2022 жылдың 27 наурызында өтеді.

Эльенора Әмір

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір