• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 09:36:06
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкенттегі Дарын орталығында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Шымкент қаласының мектепке дейінгі 31 ұйымнан 57 тәрбиеленуші қатысты.

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен байқаудың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі әндерді дәріптеу. Сондай-ақ, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып ізгілік пен адамгершілікке баулу.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Байқауға қатысып, өнер көрсеткен өрендердің арасынан жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Жеңімпаздарды Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы марапаттады.

Байқау "Әнші балапан", "Биші балапан" және "Сәнқой балақай" номинациясы бойынша өткізілді. Жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір