• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 11:43:09
Алматы
+35°

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ластану деңгейі жоғары 10 қаласын атады. Бұл туралы министр үкімет отырысында мәлімдеді.

– Атмосфералық ауа мониторингіне сәйкес, 45 өнеркәсіптік қаланың 10-ы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары, –  деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жоғары ластануға жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құру жұмыстарының жүргізілмеуі, көмір пайдалануы себеп болып отыр.

– Қалдықтармен жұмыс істеу саласында ҚТҚ полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сай болмауы, ҚТҚ өңдеудің төмен деңгейі және апатты қоқыс тастайтын жерлер өткір проблема болып отыр, – деп толықтырды Брекешев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір