• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:27:21
Алматы
+12°

"Қазгидромет" синоптиктері қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер болжамынша, бірінші 10 күндік басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, 3 қарашадан бастап елдің оңтүстік өңірлерінде, 10 күндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында атмосфералық фронттар әсерінен тұман, көктайғақ, жел екпінінің күшеюі (солтүстік жартысында қарлы боран) жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

3-4 қарашада республиканың басым бөлігі Қара теңіз өңірлерінен ығысқан ауқымды суық антициклон ықпалында болады, ауа температурасы төмендеп (батыс өңірлерді қоспағанда), аяз болады деп болжанады.

  • Қазақстанның батысында түнде 0, +8 градустан -5 +2 градусқа дейін, күндіз +10 +18 градустан 0, +10 градусқа дейін;
  • Республиканың солтүстік-батыс жартысында, орталығында және шығысында түнде -5 +5 градустан -5 -15 градусқа дейін, шеткі шығыста -20 градусқа дейін, күндіз +2 +8 градустан -3 -10 градусқа дейін;
  • республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде -3 +5 градустан -1 -13 градусқа дейін, күндіз +10 +16 градустан -5 +3 градусқа дейін төмендейді.

Бірақ ай ортасынан бастап температура фоны біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі.

"Екінші 10 күндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы солтүстік-батыс циклон әсеріне қарай анықталады, сондықтан тұрақсыз ауа райы күтіледі: жауын-шашын болады (негізінен, қар түрінде), екпінді жел соғып, бұрқасын болады. Одан кейін суық ауа массаларына байланысты екінші 10 күндіктің аяғында, үшінші 10 күндіктің басында және аяғында температуралық фон төмендейді деп күтіледі" делінген "Қазгидромет"  хабарламасында.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында суық күндері термометр бағаны түнде -17 -25 градусқа дейін, күндіз -8 -13 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша, ауа температурасы - түнде -5 -17 градусқа дейін, күндіз -2 -7 градусқа дейін төмендейді.

Күндіз елдің солтүстік жартысында аяз басылып, ауа температурасы  +3+12 градусқа дейін жылынады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір