Фото: Шакарим Сейсенбай/Facebook.com
Нұрсұлтан қаласы білім басқармасының бұрынғы басшысы Шәкерім Сейсенбай бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша істі болған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік іс жүргізу материалдарын қарау барысында Ш. Сейсенбай балабақша меңгерушісі лауазымына бұрын ҚР ҚК 176-б. 3 б. "б", "г" т. (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) және ҚР ҚК 317-б. 1-б. (1997 жылғы редакциясында) (Мемлекеттік рәміздерді қорлау) сотталған қызметкерді қабылдағаны анықталып, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
"ҚР Еңбек кодексінде көзделген нормаларға сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді. Сонымен қатар, 2020 жылғы қазанда еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады" делінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі таратқан хабарламада.
31 қазанда Шәкәрім Сейсенбай Нұрсұлтан қаласы білім басқармасының басшысы қызметінен кететінін мәлім еткен. Алайда ол кезде әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы айтпаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір