01 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Римдегі G20 отырысы кезінде АҚШ президенті Джо Байден Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер жүргізді. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы қорғаныс пен адам құқығы мәселелеріне қатысты шиеленіс жағдайында кездесті, деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
АҚШ Түркияның Ресейден зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алғанын айтып, F-16 жойғыш ұшақтары саудасына наразылық білдірді. Байден екі ел арасындағы келіспеушіліктерді тиімді шешуді қалайтынын жеткізді.
Бұған дейін Ердоған АҚШ-тың Түркиядағы елшісін және басқа да шетелдік өкілдерді елден шығаратынын мәлімдеген.
АҚШ әкімшілігі түрік тарапының бұл әрекеттері пайдасыз екенін айта отырып, Түркиядан түрмедегі филантроп Осман Каваланы босатуды талап етеді.
Кейінірек Ердоған елшілерді шығарып жіберемін деген ойынан қайтты. Түркия президентінің кеңсесі кездесудің "позитивті атмосферада өткенін" хабарлады.
"Екі көшбасшы Түркия-АҚШ қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ортақ ұстанымдарын білдірді және бұл үшін ортақ механизм құруға келісті. Екі тараптың өзара келісілген мақсаттарға сәйкес екіжақты сауда көлемін ұлғайту бойынша ортақ перспективаларына сәйкес келіссөздер жүргізуден басқа, олар НАТО альянсы мен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті" делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір