• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:03:08
Алматы
+12°

Фото: Ашық дереккөз

Ақын, диссидент Арон Атабек комадан шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі, саясаткер Жасарал Қуанышалин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Қоғам белсендісі  15 минут бұрын  телефон арқылы Аронның қарындасы Разиямен сөйлескенін айтты.

– Арон оянып, комадан шықты. Сөйлейді. Бірақ әлі әлсіз, сондықтан жасанды дем алу аппаратынан әзір айырған жоқ. Және Арон тағы да ұйықтап қалмауы үшін дәрігерлер оны жасанды комаға кіргізбейміз, – деген Аронның қарындасы Жасарал Қуанышалинге.

Белсенді Аронның жағдайында, бұл өте жақсы жаңалық екенін  айтып, қуаныш  ұзағынан болсын деген тілегін білдірді.

Бұған дейін, Арон Атабектің денсаулығы нашарлап комаға түскені, жеке клиникада жатқаны хабарланған.

Биыл 1 қазанда Павлодар соты 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған Арон Атабектің қалған жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, ақынды "денсаулық жағдайына байланысты" түрмеден шығарған.

5 қазан күні белсендінің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға шұғыл жеткізілген. Кейін Атабектің ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды. Артынша ол үйінде жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатқаны хабарланды.

10 қазан күні бір топ белсенді Арон Атабек кітабының тұсаукесерін өткізді. Олар туындыны Арон Атабектің бостандыққа шығуына орай жасалған сыйлық екенін айтқан.

Арон Атабек 15 жылдан астам уақыт түрмеде отырды. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арон Атабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір