• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:49:15
Алматы
+12°

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мүлкін ұрлады деген күдікпен бірқатар шенеуніктерді  ұстағаны хабарланды.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкері, "Азаматтарға арналған үкімет" мекемесі Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің және Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшылары ұсталған. Олар 2018 жылы Кемертоған кентінде орналасқан ауданы 9 гектар жер телімі түріндегі университеттің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген.

Ведомтсво мәліметінше, университеттің жер телімі бірнеше телімге заңсыз бөлінген және жалған құжаттармен ұсталған тұлғаларға үлестес болып рәсімделіп, кейін басқа сатып алушыларға сатылған.

"Аталған тұлғалар қылмыс іздерін жасыру және жер телімін университет балансына жалған қайтару мақсатында 2021 жылдың қаңтарында құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекеттің жер қорынан Көлді кентінде санитарлық аймақта орналасқан жеке меншікке беруге жатпайтын жер телімін заңсыз бөлген" делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта барлық күдіктілерге сот санкциясымен бұлтартпау шарасы тағайындалған. 

Жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір