• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:19:15
Алматы
+7°

Шымкент қаласының тұрғыны Айдана Тұрдалиева Шығыс Қазақстан облысы ОВ-156/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан інісі Ерлан Кенже прокуратура мен түрме әкімшілігі тарапынан қысым көріп отырғанын айтады. Сөзінше, Жарма ауданы прокуратурасы мен колония басшылығы қолдан қылмыстық іс жасап, оны жалпы режимнен қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне ауыстырғалы жатыр.

Айдана Тұрдалиева мекеме әкімшілігі інісін "бірнеше рет қинап, күш қолданып, орны толмас психологиялық зақым келтірді" деп отыр. Ерлан Кенже көрген қиындыққа шыдамай, бірнеше мәрте өзіне қол жұмсамақ болған. 2021 жылғы маусым-шілдеде асылып, өзінің күре тамырын кесіп, көптеген дене жарақаттарын салған.

Алайда Жарма ауданы прокуратурасының Ерасыл және Шырын есімді прокурорлары қорқыту тәсілі арқылы, оны арыз жазбауға көндірген.

 

– Араға бірнеше күн салып ОВ-156/18 мекемесінің басшылығы мен әкімшілігі негізсіз және заңсыз әрекеттерге бара отырып, ініме мекемеде тыныш жазасын өтеуге мүмкіндік бермеді. Бұған шыдай алмаған інім көмек сұрап таксафон арқылы үйге және прокуратураға хабарласпақ болғанында, түрме басшылығы оған кедергі келтірген. Қылмыстық атқару жүйесінің тәртібін бұзып, құқықтары негізсіз шектелгеніне ашуланған інім мекеме әкімшілігіне ренішін білтірген. ОВ-156/18 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы Мақсат Адамов інімді боғауыз сөз айтуға итермелеп, ол ойын іске асырып, оны видеоға түсіріп, қасақана қылмыстық іс қозғатқан. Алдын ала жоспарлары арқылы Жарма ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімінің тергеушісі аға лейтенант С.Какимов қылмыстық кодекстің 429-бабы 1-бөлігі (Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу –  ред.) бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады, – дейді Айдана Тұрдалиева. 

 

Күдіктінің әпкесі сотқа дейінгі тергеу кезінде інісін жәбірленуші Мақсат Адамовпен мүлде беттестірмегенін, түсініктемелерін толықтырмай, қылмыстық процестік кодекс тәртібін өрескел бұза отырып, прокурормен келісіп сотқа жолдағанын мәлім етті.

– Қылмыстық істі қарап жатқан ШҚО Жарма аудандық сотының судьясы Р.Омаров істегі көптеген қателіктер мен заңсыздықтарға қарамастан, процесті біржақты жүргізіп жатыр. Ол аздай қорғаушыға інімді кінәлі деп тауып, жазасын өтеп жатқан жалпы режимнен қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемеге ауыстыру туралы шешім шығаратынын айтып жіберген, –  дейді ол.

Айдана Тұрдалиева ШҚО прокуратурасы мен полиция департаментіне түсірілген шағымдардан жауап болмағанын айтып, заңсыздықтарға қоғам назарын аудартқысы келеді.

Оқырман арызы

Оқырман арызы

Оқырман арызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір