• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:16:03
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде  жол бойында бірнеше ер адамның төбелескен видеосы тарады. Оқиға Ақтауда болғаны анықталды. Видеоны Sergek.kaz парақшасы жариялады. 

Видеодан автокөліктердің маңында жатқан үш адамды бірнеше адамның күрекпен сабап жатқанын көруге болады. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәлімет бойынша, оқиға Ақтау қаласында 4 қазанда шамамен сағат 16.30-да болған. 

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Төбелескендер ұсталып, Ақтау полиция басқармасына жеткізілді. Жанжал ішімдік ішкеннен кейін тұрмыстық сипатта болғаны анықталды" делінген хабарламада. 

Қазір қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеу жүруде. 

 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 

Публикация от @sergek.kaz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтау төбелес

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір