• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:19:34
Алматы
+12°

YouTube бекітілген вакциналар туралы жалған ақпарат тарататын барлық контентті жоятынын, Covid-19 штаммдары туралы жалған мәлімдемелерге тыйым салуды кеңейтетінін айтты.

"Бекітілген вакциналар қауіпті және аутизмге, қатерлі ісікке немесе бедеулікке әкеледі" деген мазмұндағы видеолар алынып тасталатыны хабарланды.

Желі саясаты вакциналарға қарсы әсер етушілердің шоттарын тоқтатуды да қамтиды.

Техникалық алпауыттар "денсаулық туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру үшін әрекет етпеді" деп сынға алынды.

Google-ға тиесілі YouTube-тың мәлімдеуінше, өткен жылдан бастап Ковид вакциналары туралы жалған ақпарат таратқан 130 мың бейне платформадан жойылған.

"Біз YouTube-та медициналық жалған ақпаратқа қарсы саясат аумағын кеңейтеміз. Денсаулық сақтау органдары мен ДДСҰ мақұлдаған вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі расталған" деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетейік, Facebook әлеуметтік желісі де коронавирус вакцинасына қатысты жалған ақпараттарға осы жылдың басынан бастап шектеу қойған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір