• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:50:21
Алматы
+12°

Фото: "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлерге жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданында орналасқан Айғаным ханым қонысына барды.

 Шоқан

«Еліміздің солтүстік өңіріне жұмыс сапары барысында Айыртау ауданында орналасқан әйгілі Айғаным ханымның қонысына арнайы ат басын бұрдым. Атақты ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәли ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан Айғаным ханым салдырған бұл қоныс – жұртшылық жиі баратын туристік нысандардың бірі. Бүгінде ол музей-кешен ретінде қызмет етуде. Мәдени нысан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Республикалық киелі орындар тізіміне енгізілген. Табиғаты көз тартатын Сырымбет тауының баурайында орналасқан музей-кешенге баратын жолға жөндеу жүргізілсе, туристер саны одан әрі арта түсетіні сөзсіз. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, алдағы екі жылда аудан орталығы Саумалкөлден Сырымбет ауылына дейінгі 30 км жолға жөндеу жүргізіледі», – деп жазды Бауыржан Байбек Instagram-дағы парақшасында.

 Ш

Оның айтуынша, жалпы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 1 100 км жол салынады.

 Ш

Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағы еліміздің туристік тартымды аумақтарының ондығына кіреді. Осыған орай «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарлама аясында өңірде Имантау-Шалқар курорттық аймағында 15 заманауи демалыс базасын салуға, қолданыстағы демалыс орындарын жаңғыртуға, көліктік және инженерлік инфрақұрылымын реконстукциялауға және туристік нысандар мен киелі жерлерді дамытуға ықпал ететін болады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір