• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:02:51
Алматы
+12°

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша, министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза тапқан полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасыларына барды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рүстам Абдрахманов instagram парақшасында жариялады. 

Мұрат Баймұқашев ішкі істер министрінің атынан, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

"Ішкі істер министрінің өтініші бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй береді. Сонымен қатар, заң күзетінде тұрған учаскелік инспекторлар қайтыс болғаннан кейін "құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталды" делінген хабарламада. 

Қайтыс болған полиция қызметкерлері туралы мәліметтер:

Алатау ауданы ОМПС ӨП учаскелік инспекторы, полиция майоры Сулеев Дархан Дауылбаевич, 1982 ж.

Алатау облысы ОМПС УЕ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбаевич, 1988 ж.

Еске салсақ, 20 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында атыс болды. Салдарынан 5 адам оқиға орнында қайтыс болды.
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір