• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:12:39
Алматы
+12°

Қытайдың екінші ірі жылжымайтын мүлік компаниясы ғаламдық қор нарығы мен крипто нарығын құлдыратты. 

Қаржылық сарапшылардың пікірінше, қор нарығы мен жаһандық крипто нарығының құлдырауына Қытайдың ірі жылжымайтын мүлік компаниясы  "Evergrande Real Estate Group" акцияларының 10,24 пайызға төмендеуі себеп болған. Алдымен Гонконг қор нарығы құлдырады. Гонконгтағы "Hang Seng" индексі  52 аптадағы ең төменгі деңгейге түсті. 

Бұған дейін компания индексі 17 пайызға төмендеген болатын. "Evergrande" жылжымайтын мүлік тобы "Fortune Global 500" тізіміне сәйкес, сатылым көлемі бойынша Қытайдағы екінші ірі құрылыс компаниясы. Ол сонымен қатар әлемдегі ең табысты 122 ірі компанияға кіреді.

Гонконгтағы тағы бір ірі жылжымайтын мүлік тобы "Henderson Land Development Co."-ның да акциялары айтарлықтай сатылған.

Мамандар "Evergrande Real Estate Group"-тың шамамен 2 триллион доллар қарызға батқанын айтады. Әлемдегі жетекші жылжымайтын мүлік корпорацияларының қарыз дағдарысына қатысты алаңдаушылық нарыққа кең ауқымды ықпал етті. Банк акциялары, жоғары кірісті долларлық облигациялар және сақтандыру фирмалары дағдарыс ықпалына ұшырауда.

Қыркүйектің алтыншы күні 52 мың доллардан асқан Биткоин бағасы бүгін таңертең 40 мың долларға дейін құлады.

Бір сағаттың ішінде Биткоин нарығы 312 миллион доллар жоғалтты. Криптовалютада BTC айырбасының бірнеше есе өсуі байқалды. Биткоинның жаппай сатылуы жалғаса берсе, крипто нарығының әлі де құлдырауына алып келуі ықтимал.

Айта кетейік, Қытай билігі цифрлық валютаға қатал саясат ұстана бастағаннан кейін және Tesla компаниясы Биткоинді төлем түрі ретінде қабылдамайтынын жариялаған соң, биыл сәуірде ең жоғары шекке (шамамен 63 мың долларға) жеткен крипто нарығында құлдырау басталған.   Құлдырау шілдеге дейін жалғасты. Шілденің 21 күні Twitter компаниясының бас атқарушы директоры Джек Дорси, Tesla және SpaceX компаниясының директоры Илон Маск онлайн кездесу өткізіп, инвесторлар мен компанияларға криптовалютаның мүмкіндіктері туралы пікірлерін жариялаған соң, сол күннен бастап крипто нарығы оңала бастаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір