• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:34:59
Алматы
+35°

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан жазушылар одағы растады.

Рафаэль Ниязбек 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы орта мектепті, 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. Кейін Талас аудандық "Ленин жолы" газетінде қызмет атқарған.

1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 1971-1977 жылдары "Жұлдыз" журналында, 1977-1991 жылдары "Жазушы" баспасында редактор болып қызмет еткен. 

Қазақстан жазушылар одағының Iлияс Жансүгіров атындағы сыйлығының, Шешенстан Республикасы жоғарғы мемлекеттік "Ұлт намысы" орденінің иегері болған.

Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері атанған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір