11 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Оралда Назарбаев даңғылының бойында полиция қызметкерлері белгісіз азаматтың денесін тапқан. Бұл туралы БҚО-дағы полиция департаментінің ресми парақшасы хабарлады.
Департамент мәліметінше, 11 қыркүйекке қараған түні сағат 00:08 шамасында Назарбаев даңғылының бойында төбелес болған. Бұл жайында полиция бөлімшесіне белгісіз азамат хабарлаған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп 25-30 жас шамасындағы белгісіз азаматтың денесін тапқан. Кейіннен оның 1992 жылғы БҚО тұрғыны екені анықталған.
Бүгінде қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша тергеу жүруде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір