04 Қыркүйек, 2021 Спорт
Фото: paralympics
Қазақстан спортшылары Токиодағы Паралимпиада-2020 ойындарын аяқтады, деп хабарлады Vesti.kz.
Олипиада ойындарын соңғы болып таэквондошы Нышан Өмірәлі аяқтады. Ол 75 келіден астам салмақ дәрежесіндегі финалда, мексикалық Франиско Педросқа жол беріп, жеңіліске ұшырады.
Токиодағы паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бес медальға ие болды.
Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын алса, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміске қол жеткізді. Ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қоланы жеңіп алды.
Медальдік есепте Қытай құрамасы 87 алтын, 52 күміс және 48 қола медаль еншілеп, көш бастады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір