Фото: Ашық дереккөз
Сенат депутаттары бір күндік жалақысын Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына аударады. Бұл туралы бүгінгі сенат отырысында Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
– Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған төтенше жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бүгінде президенттің тапсырмасы бойынша жарылыстан қаза болғандардың отбасына және зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Осыған байланысты Сенат депутаттарының бір күндік жалақысын зардап шеккендерді қолдауға арналған қорға аудару туралы ұсыныс бар, – деді Мәулен Әшімбаев сенаттың жалпы отырысында.
Бұл ұсынысқа сенаторлар қарсылық білдірген жоқ.
– Осы ұсынысты қабылдаймыз. Аппарат тиісті жұмысты ұйымдастырады, – деді Сенат төрағасы.
26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болып, 15 адам қаза тапқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір