• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:06:12
Алматы
+12°

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Жиын барысында отставкаға кеткен бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, президенттен, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың ағайын-туысынан және зардап шеккендерден кешірім сұрады.

Бүгін Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Ермекбаев отставкаға кеткен болатын.

Ал оның орнына қорғаныс министрі болып Мұрат Бектанов тағайындалған.

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінен өрn шығып, бірнеше жарылыс болған. Соның салдарынан 15 адам қаза тауып, апат болған жерге жақын маңдағы Қайнар ауылында үйлер мен қоражай бүлінген.

Экс-министр Нұрлан Ермекбаевтың жұмысы кезінде мұндай оқыс жағдай екінші рет қайталанып отыр. Бұған дейін 2019 жылы Арыста жойқын жарылыстар болған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір