• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 07:43:42
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.

Құжатқа сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілген.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Білім және ғылым министрлігі, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары төмендегі талаптарды сақтауы тиіс:

  • педагогтер мен персоналдар 100% вакцинациялануы қажет;
  • білім беру мекемесіне кіру кезінде "Ashyq" қосымшасын енгізу керек; 
  • маска режимін сақталуға тиіс;
  • рециркуляторлардың, санитайзерлердің, антисептиктердің, дезинфекциялау және жуу құралдар жеткілікті қамтамасыз етілу қажет;
  • бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады; (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.)
  • мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;
  • зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесіне рұқсат етілмейді;
  • асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, асханада бақылау күшейтіледі;
  • бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған студенттер жатақханаға орналаса алады;
  • оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын аяқтамаған студенттер вакцина алу қажет;

Шетелдік студенттер назарына:

  • тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын өтуі тиіс;
  • шекарадан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберіледі;
  • педагогтарға, персоналға, ата-аналарға келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код бойынша "Ashyq" қосымшасы арқылы кіреді;

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір