• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:39:09
Алматы
+12°

Талибан қозғалысы Ауғанстанды бақылауға алғаннан кейін Дүниежүзілік банк бұл елдегі жобаларды қаржыландыруды тоқтатты.

Дүниежүзілік банк тәліптердің билікке келуі "елдің даму перспективаларына, әсіресе әйелдер үшін" қалай әсер ететіні туралы алаңдаушылық білдірді.

Бұл шара Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ауғанстанға төлемдерді тоқтатқаннан бірнеше күн өткен соң жасалды.

Байден әкімшілігі Ауғанстанның орталық банкінің АҚШ-тағы активтерін де бұғаттады.

Дүниежүзілік банк өкілі Ауғанстандағы операциялар бойынша төлемдерді уақытша тоқтатқанын, жағдайды ішкі саясат пен процедураларға сәйкес мұқият қадағалап, бағалап отырғанын жеткізді.

– Біз халықаралық қауымдастықпен және даму бойынша серіктестермен тығыз кеңесуді жалғастырамыз. Біз серіктестерімізбен бірге Ауғанстан халқына қолдау көрсетуді жалғастыру жолдарын қарастырып жатырмыз, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір