• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 10:01:56
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінде шектеу шараларына қарамастан той-томалақ тыйылмай тұрғанын айтып, үкіметтің қарауына бірнеше ұсыныс айтты. 

– Той-томалақ өткізу әлі де жалғасып жатыр. Ондай жиындарға адам көп жиналады. Ал санитарлық ережелер сақталмайды. Осыған байланысты мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді сұраймын,  – деді Цой. 

Министрдің сөзінше, "Ashyq" жүйесін енгізгелі "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 46 067 адам анықталған. Олардың 29 930-ның ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Ондай адамдардың көбі,  үйде отырмай, халық көп жиналатын жерге барып, айналадағы адамдарға қауіп төндіріп жүр.

Бұдан бөлек, Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайды одан ары тұрақтандыру үшін бернеше ұсыныс жасады. Олар:

  • "Қою қызыл" және "қызыл" аймақтарда демалыс күнгі локдаунды жалғастыру;
  • Мониторингтік топтар жұмысын күшейту;
  • Халықты вакциналаудан көптеп өткізу;
  • Халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту;
  • Кәсіпкерлер ұсынысы негізінде "Ashyq" көшбасшылары үшін тиісті талаптарды жетілдіру.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Цой Асқар Мамин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір