16 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Алматы қаласы бойынша карантинді, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің К. есімді экс-басшысы сотталды. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"2021 жылдың ақпан айында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеусіз сауда нарықтарында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген К., алдын ала әзірленген қылмыстық жоспарға сәйкес, жеке, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сатушыларды сатып жатқан карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық сертификаттар мен басқа да қажетті құжаттар жоқтығына байланысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, айыппұл салынады деп қорқытқан. Содан кейін сатушылар оған тәуелді болып, тығырыққа тірелгендіктен әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін оған ерікті түрде пара ретінде ақшалай қаражат, өнімдер және өнімдерге жеңілдік берген. Осылайша, К. жалпы сомасы 157 580 теңге пара алған" делінген сот таратқан ақпараттық хабарламада.
Сотталушы сот мәжілісінде өз кінәсін мойындамаған. Алайда оның кінәсі сотта зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен расталып, сот айыпталушыны 7 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарды. Айыпталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтемек. Сондай-ақ ол мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір