• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:41:57
Алматы
+12°

Алматы қаласында жалған ПЦР нәтижесін сатқан студент ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде медициналық қызметкер болып жұмыс істейтін 25 жастағы Х. есімді медицина университетінің студенті ұсталды.

Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-тармағы (Жалған құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тергеу жүруде. 

– Күдікті тек бір рет жалған ПЦР нәтижесін жасағанын мойындап отыр. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергенін анықтайтын боламыз, – деді қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ПЦР Студент ұсталды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір