15 Тамыз, 2021 Барлық аймақтар
Фото: qamshy.kz
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы тауда қалың жауған қар аралас нөсер салдарынан жергілікті автожол және Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тірегін су шайып кетті. "Қамшы" редакциясына хабарласқан тұрғындар көлік пен пойыз жолдары тоқтағанын айтты.
Апат 15 тамыз күні болған. Мерке ауданында жауған нөсер мен тауға түскен қар суы тасқынға ұласқан. Қазіргі уақытта жүк көлігі және жолаушылар пойызы қозғалысы тоқтатылды.
"Жаңа трасса екіге бөлініп кетті. Жолдың бәрі жабы. Теміржол, асфальт опырылып жатыр. Топан судың қайдан келіп жатқанын білмейді ешкім. Теміржолдың асты жоқ. Түгел ағып кеткен. Қорқынышты болып жатыр. Көлік қозғалысы мен пойыз тоқтады. Суды тоқтата алмай жатыр" делінген видеожазбада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір