13 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: uralskweek.kz
Денсаулық сақтау министрлігі 12 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7798 адамнан коронавирус, 406 адамнан пневмония анықталған. 11 тамызда 105 адам коронавирустан, 22 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 672 322-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 64 898.
13 тамыздағы мәлімет бойынша, 115 211 адам коронавирус инфекциясынан (–110 831 + және 4 380 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 31 157 пациент стационарда, 84 054 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1934 адамның жағдайы ауыр, 472 пациенттің жағдайы өте ауыр, 230 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Түркістан облысы қайта "сары" аймаққа ауысты.
12 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 939 533 адам, 2-компонентін 4 563 841 адам салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір