• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:22:13
Алматы
+12°

Беларусь президенті Александр Лукашенко баспасөз мәслихаты кезінде күтпеген жаңалықты жариялады. Ол "тез арада президенттіктен кетуге дайын" екенін және 15 немесе 20 ықтимал ізбасарлары бар екенін мәлімдеді.

Бірақ елді 27 билеген басшы өзінің "зейнеткер" болғысы келмейтінін де айтты.

Брифингте Лукашенко билікті ұстап қалу үшін қанды репрессия жүргізгенін жоққа шығарды және өзінің диктатор емес екенін айтты.

"Әлемді жалғандық, алдау, жек көру, қорқыту, троллинг, боттар және басқа да коммуникациялық технологиялар жеңді" деді ол.

Өткен жылы тәуелсіз сарапшылар Беларусь президенттік сайлауындағы нәтижелердің бұрмаланғанын мәлімдеді.

Кейінірек наразылық білдірушілер бүкіл ел бойынша бұрын-соңды болмаған көлемді демонстрацияларға шықты. Көп өтпей жаппай қуғын-сүргін оқиғалары болды: мыңдаған наразылық білдірушілер қамауға алынды, жүздеген адам азапталды және сегіз адам өлді.

Лукашенко оппоненттер мен журналистерге қарсы 4600-ден астам қылмыстық іс қозғады, 600 саяси тұтқын режимдік түрмеде қамалды. Олардың қатарында президенттің елден кете алмайтын қарсыластары да бар.

Мамыр айында Лукашенко мырза оппозициялық журналист Роман Протасевич мінген коммерциялық ұшақты мәжбүрлі қондыруға бұйрық берді. Содан кейін 2 тамызда қуғынға кеткен беларус белсендісі Виталий Шишов Киев саябағында күдікті жағдайда асылып өлді. 

Дегенмен, Лукашенко бұл шектен шығуларға қатысы жоқ екенін айтты.

Ол түрмелерде жүздеген адамды физикалық азаптауға бұйрық бергені туралы дәлелдерді де жоққа шығарды. Лукашенконың айтуынша, бұл жалған ақпарат.

Айта кетейік, жақында АҚШ, Канада және Ұлыбритания сияқты елдер Беларусь экономикасына және Олимпиадалық комитетіне қарсы бағытталған жаңа санкциялар салатынын жариялады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір