• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 22:38:47
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әліппе оқулығы  1 қыркүйектен бастап қолданысқа енетінін хабарлады. Бұл туралы ол министрліктің аппарат жиналысында айтты.

– Осы салтанатты шарада (1 қыркүйекте-ред) алғаш мектеп табалдырығын аттап жатқан 1-сынып оқушыларына әліппені ұстатуымыз керек. Бұл – өте жақсы дәстүр. Әліппе – баланың ең алғашқы оқулығы. Сондықтан былтыр айтқандай, әліппені дайындадық. Жалпы әліппе дайын. Өңірлерге жеткізіліп жатыр, – деді министр.

Аймағамбетов "Әліппе" мен "Букварь" дайындалып, ана тілі  бойынша да дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
 
– Әліппе бойынша әдіскерлер мен ғалымдар ауқымды жұмыс атқарды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылғы әліппесіндегі басты қағидат негізінде оқулықты әзірледік. Бұл әдістеме бойынша көп мәселе көтерілді. Оның негізгі ұстанымындағы дыбыспен жаттығу, әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін еске алу, буын бойынша оқу, оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту қағидасын сақтадық, – деді білім министрі.

Министр атағандай, әліппеде барлық оқу мақсаты сақталды. Сондықтан әдістемелік жағынан баланың жас ерекшелігіне сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 
– Балалар әліппені I-II тоқсанда оқыса, ана тілін III тоқсаннан бастап оқиды. Осы жұмысты барлық өңірлер тиісті деңгейде жүзеге асырады, – деп сөзін түйіндеді  Асхат Аймағамбетов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір