06 Тамыз, 2021 Коронавирус
Фото: Ашық дерек көз
Денсаулық сақтау министрлігі 5 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7629 адамнан коронавирус, 413 адамнан пневмония анықталған. 4 тамызда 129 адам коронавирустан, 26 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 618 513-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 62 564.
6 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 807 адам коронавирустан, 3 486 науқас пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 30 139 пациент стационарда, 77 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 884 адамның жағдайы ауыр, 400 пациенттің жағдайы өте ауыр, 187 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы тұр.
5 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 634 981 адам, 2-компонентін 4 231 204 адам салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір