04 Тамыз, 2021 Спорт
Фото: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай
Токио олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
"Н. Санаев финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумармен белдескен болатын. Тартысты кездесуді Нұрислам жақсы бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ. Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнділік балуан әдіске көшті. Нәтижесінде, Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты" делінген хабарламада.
Енді Нұрислам Санаев олимпиаданың қола медалі үшін күреседі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір