Фото: qamshy.kz
Токио олимпидасында өзбекстандық ауыр атлетші Акбар Джураев 109 келі салмақта алтын иеленді.
Джураев финалда жұлқа көтеруде 193 келіні, серпе көтеруде 237 келіні бағындырды. Жалпы 430 келі көтерген ол олимпиадада жаңа рекорд орнатып, алтын медальға ие болды.
Өзбекстандық спортшыны жарысқа қазақстандық бапкер Ержас Болтаев дайындаған. Ол отандық ауыр атлет Илья Ильиннің бұрынғы жеке бапкері болған. Ол "Ильиннің командасы" деп танылған елдегі ең мықты спортшыларды жаттықтырған. Ильин Ержас Болтаевтың бапкерлігімен 2012 жылы Лондон олимпиадасында алтын жүлдені жеңіп алды. Кейіннен допинг дауына ілігіп, чемпиондық атағынан айырылды.
2015 жылы бапкер Ержас Болтаев Қазақстан құрамасының аға бапкері қызметіне тағайындалған.
Алайда Рио-2016 ойындарында Болтаев Қазақстан ауыр атлетикасы құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Нимен жанжалдасып, кейін Өзбекстан үшін олимпиада чемпиондарын тәрбиелей бастады.
Токио олимпиадасында Өзбекстан қоржынында үш медаль бар, оның екеуі алтын. Алтын жүлденің бірін Акбар Джураев ауыр атлетикадан жеңіп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір