02 Тамыз, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
2 тамызда Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Бішкекке ұшып келді. Бұл туралы Спутник Қырғызстан хабарлады.
Қырғызстанның алғашқы президенті 2005 жылғы төңкерістен соң Ресейге қашып кеткен болатын. Бұрынғы президент содан бері өз елінде болмаған.
"Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдаған шаралар нәтижесінде 2 тамызда бұрынғы президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді. Көп ұзамай ол ведомствоаралық тергеу тобына берілді. Құмтор кен орны бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін ел билігі Ақаевты 1992 жылы "Құмтор" жобасы бойынша бас келісімді бекіту кезінде сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптап, ресми түрде іздеу жариялаған.
Экс-президент Асқар Ақаев Қырғызстанды 1990-2005 жылдары аралығында басқарған. 2005 жылы наурыз айындағы революциядан кейін отбасымен бірге Ресейге қашып кеткен.
Өткен жылы Ақаев кезіндегі қателіктері үшін Қырғызстан халқынан кешірім сұраған болатын. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен құдалық қатынасы бар Асқар Ақаев биыл 10 қарашада 70-жасқа толады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір