29 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Жас жазушы, бірнеше жылдан бері Мәскеуде тұрып келген Аягүл Мантай өмірден өтті.
Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы "Жалын" баспасынан "Жаңбырлы көктем" атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
"Серпер" жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқай атындағы әдеби байқаудың жүлдегері атанған.
2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері болған.
Аягүл Мантай соңғы жылдары Мәскеуде білім алып, оқуды тәмәмдағаннан кейін сол жақта тұрып жатқан. Әлеуметтік желіде белсенді болатын. Қарапайым адамдардың өмірі, Ресейдегі тыныс-тіршілігі, көрген, байқағаны туралы жиі жазатын. Жазбаларынан бүгінгі жүйеге сыни көзқараста екені, әділетсіздікке жаны қас екені аңғарылатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір