29 Шілде, 2021 Спорт
Фото: Сали Сабиров
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Токио олимпиадасында екінші рет жеңілді, деп хабарлады Olymic.kz.
Ел құрамасы топтық сынның екінші кездесуінде Испания құрамасына қарсы ойнады. Екеуара кездесу 16:4 (3-0, 6-0, 11-2, 11-4) есебімен испаниялықтар еншісіне шешілді.
Ойын барысында Қазақстан құрамасынан Душан Маркович, Сржан Вуксанович (2) және Михаил Рудай көзге түсті.
Енді ұлттық құрама жігіттері 31 шілде күні Черногрия командасымен кездеседі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір