• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:22:32
Алматы
+12°

ЮНИСЕФ-тің зерттеуінше, Қазақстанда 1 млн-ға жуық бала кедейшілікте өмір сүреді. Елдегі 340 мыңнан астам көпбалалы отбасының барлығы бірдей жақсы өмір сүрмейді. Бұған "Көпбалалы отбасы" дегеннің және "Аз қамтылған отбасы" деген ұғымның синониміне айналып бара жатқаны дәлел, деп хабарлады inbusiness.kz.

"Қазақстандағы кедей отбасылардың 90%-дан астамы көпбалалы отбасылар. Мұндай отбасылардың балалары кедейлік шегінен төмен тұратын барлық қазақстандықтардың 40%-дан астамын құрайды. Кедейлік баланың дұрыс тамақтанбауына, денсаулығының нашарлауына және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әсер етеді" деп жазылды ЮНИСЕФ-тің зерттеуінде.

Елде балаларға арналған тұтыну қоржыны жоқ. Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемнің мөлшері төмен. Мысалы, жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бірінші балаға – 5,76 АЕК (16 801,92 теңге), екінші балаға – 6,81 АЕК (19 864,77 теңге), үшінші балаға – 7,85 АЕК, (22 898,45 теңге). Әйел адамның декреттік демалысы 3 жылға дейін созылатынына қарамастан, бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы бала 1 жасқа толғанға дейін ғана төленеді. Ал табысынан айырылуына байланысты жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлем тек жұмыс істейтін әйелдерге ғана тағайындалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір