• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:18:13
Алматы
+12°

Еуроодақ Moderna компаниясы жасаған "Spikevax" вакцинасын 12-17 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы Би-би-си сайты хабарлады.

Еуропалық дәрілік заттар агенттігінің хабарлауынша, "Spikevax" вакцинасы балаларға ересектерге салынғандай иықтан салынады. Балалар вакцинаның бірінші компонентін алғанан кейін араға төрт апта салып, екінші компонентін алуға тиіс.

"Spikevax" вакцинасының тиімділігін зерттеуге 12-17 жас аралығындағы 3732 бала қатысқан. Зерттеу барысында вакцина салдырғаннан кейін балалардың денесінде COVID-19 таралмағаны анықталған. Осылайша, "Spikevax" вакцинасының тиімділігі ересектерге арналған вакцинаға ұқсас деген қорытынды жасалды.

"Вакцина қабылдағаннан кейін балаларда ауырсыну мен ісіну, шаршау, бас ауруы, бұлшықет пен буындардағы ауырсыну, қалтырау, жүрек айну, құсу секілді әсерлері байқалуы мүмкін. Бұл әсерлер әдетте жеңіл немесе орташа дәрежеде өтеді. Вакцинациядан бірнеше күн өткеннен кейін ағза қалпына келеді" деп жазылған хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір