23 Шілде, 2021 NEWS
Фото: ашық дереккөз
Қазақстандық журналист Нұрперзент Домбай қайтыс болды. Бұл туралы жазушы Заря Жұманова facebook парақшасында жазды.
– Жаңа ғана жаманат хабар алдық. Нұрперзент Домбай досымыз қайтыс болыпты, – деп жазды Жұманова.
Нұрперзент Домбай 1958 жылы туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Еңбек жолын бұрынғы Жезқазған облысы Ұлытау аудандық "Ұлытау өңірі" газетінде бастады. Жезқазған облыстық газетінде бөлім меңгерушісі, аймақтық газеттің редакторы, "Егемен Қазақстанның" меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. 2008 жылдан "Ана тілі" газетінде қызмет еткен еді.
Қаламгер екі өлеңдер, жеті деректі шығармалар жинағының авторы. Ол – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір