• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:19:03
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте 6119 адамнан коронавирус инфекциясы, 233 адамнан пневмония анықталғанын хабарлады. 22 шілдеде 64 адам коронавирустан, 10 адам пневмониядан көз жұмғаны белгілі болды. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар саны  516 117-ға жетті. Оның ішінде 5244 адам қайтыс болған. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 59 150. Оның 3585-сі көз жұмған.

Вирустың таралуы әсіресе Нұр-Сұлтан (1381), Алматы (996), Шымкент (488) қалаларында, Қарағанды (794), Атырау (489), Батыс Қазақстан облыстарында (235) өршіп тұр.

23 шілдедегі мәлімет бойынша, 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (–69 436 + және 1 785 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 21 096 пациент стационарда, 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 1 258 адамның жағдайы ауыр, 274 пациенттің жағдайы өте ауыр, 166 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрғанын мәлімдеді.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.

"Сары" аймақта Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Жасыл аймақта бірде-бір өңір қалмады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір