• USD 424.68

  • EUR 499.76

  • RUB 5.77

  • CNY 65.6

25 Шілде, 21:10:33
Алматы
+28°

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин және қаланың бас имамы Төлеби Оспанмен бірге карантиндік жағдайларда «Құрбан айт» мейрамын мерекелеу бойынша онлайн-кеңес өткізді. Кеңеске аудандар әкімдіктерінің және жауапты басқармалардың басшылығы қатысты.

Ержан Бабақұмаров қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға баса назар аударды. Соңғы тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияның 850 жағдайы тіркелді. Осыған байланысты биыл вирустың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында «Құрбан айт» мерекесі онлайн режимде өтеді. Қайырымдылықты qurban2021.kz сайтына өтінім беру арқылы онлайн жасауға болады.

Кеңес барысында, сондай-ақ құрбандыққа шалынатын жануарларды сату кезінде қалалықтардың денсаулығын «Дельта» штаммын жұқтырудан қорғау мәселелері талқыланды.

Басты міндет – коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту. Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық басқармалар мен аудандардың әкімдіктеріне, ветеринарлық және тиісті қызметтерге мереке кезінде инфекцияның алдын-алу және карантиндік шектеулердің сақталуына бақылауды күшейту жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетсек, «Құрбан айт»мерекесінің онлайн-форматы өткен жылы енгізілген болатын. Шектеулер барлық ұйымдарда, соның ішінде жеке үй шаруашылықтары мен медреселерде адамдардың жаппай жиналуы арқылы іс-шаралар өткізуге тыйым салуды көздеді. Сонымен қатар, автокөліктерден және жеке үй шаруашылықтарынан мал союға тыйым салынады, құрбандық шалуға арнайы бөлінген жерді қоспағанда, бүкіл қала бойынша мал сою цехтары мен базарларының жұмысы тоқтатылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір