15 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте кәсіпкерлерді Құрбан айт мейрамы қарсаңында мал бағасын қымбаттатпауға шақырды.
– Мал бағасын қадағалау біздің құзіретімізге кірмейді. Біз шамамыз келгенше насихат айтып жатырмыз. ҚМДБ қызметкерлері және қаладағы бас имамдар кәсіпкерлермен жолығып, келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазір бірнеше кәсіпкерлеріміз біздің өтінішімізге құлақ асып, бір бағаны бекітіп, қолдау көрсетуде, – деп жауап берді бас мүфти.
Наурызбай қажы Құрбан айт мерекесі былтырғыдай онлайн-режимде өтетінін мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір