• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 13:46:28
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесуде халықаралық қоғамдастық пандемия салдарына қарсы күресте жұдырықтай жұмылуы қажеттігін атап өтті.

– Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде дағдарыстың салдарын еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біз өзіміздің төл вакцинамызды әзірледік. Келешекте, қажет болған жағдайда, оны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз, – деді президент.

Тоқаев Волкан Бозкырдың Қазақстан мен аймаққа жасаған сапары Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.   

– Орталық Азияда болып жатқан ахуалды бағалау тұрғысынан Сіздің бұл сапарыңыз аса маңызды. Аталған аймақ жаһандық саясат аясында зор маңызға ие болып келе жатыр. Өзіңізді БҰҰ Бас Ассамблеясының сайланған төрағасы ретінде көргеніме қуаныштымын. Сіздің осы жауапты әрі маңызды миссияңыз табысты болады деп ойлаймын. Біз БҰҰ мультилатерализмнің діңгегі ретінде қарастырамыз. Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттарын толық қолдайды. Ассамблея Сіздің дана басшылығыңызбен Ұйымның мақсатына қол жеткізуіне, әсіресе, қалыпты өмірдің барлық саласына әсер еткен пандемияның теріс салдары кезінде елеулі үлес қосады, – деді президент.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір