08 Шілде, 2021 Әлем
Көрнекі сурет
COVID-19 жағдайлары туралы мәліметтер жинақталатын "Worldometers" сайтының хабарлауынша, әлем бойынша індет жұқтырғандардың 170 миллион 102 мың 891-і сауыққан.
Ең көп науқастар сауыққан елдер қатарында ауруға ең көп шалдыққан алғашқы 3 ел бар. Үндістанда 29 миллион 843 мың 825 адам, АҚШ-та 29 миллион 168 мың 313 адам және Бразилияда 17 миллион 352 мың 670 адам вирусты жеңе алған.
Ресейде 5 миллион 121 мың 919, Францияда 5 миллион 638 мың 432, Англияда 4 миллион 345 мың 499, Италияда 156, Германияда 3 миллион 631 мың 500, Испанияда 3 миллион 621 мың 423, Польшада 2 миллион 652 мың 293, Украинада 2 миллион 175 мың 225 адам аурудан айыққан.
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 395 мыңнан асты.
Дүниежүзінде 11 миллион 735 мың 143 адам әлі күнге дейін COVID-19-дан емделіп қабылдап жатыр.
2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында пайда болған COVID-19 200-ден астам ел мен аймаққа таралып, жалпы пандемияға айналған.
Әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 185 миллион 855 мың 902-ге жетсе, вирустың салдарынан 4 миллион 17 мың 868 адам қайтыс болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір